Белиндаға – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Белиндаға» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 566
(1775)

Несіне мені шақырдың,
Салтанатты думанға?
Қызығы жастық шағымның
Өткенде шағын ұямда.
Өтті-ау түнгі, айлы шақ,
Аяда тыныш мүлгіген,—
Сәулеңмен шалқып, қиялдан
Түс көргендей зырғып-ем!
Бақытым, пәк арманым,
Елестеп бәрі түсімде —
Түнектен жайнап жанарың,
Сәулем, түстің есіме.
Шулы топта, маған жат,
Булығып түтін — жалынға,
Отырар-ем масайрап,
Болсаң сен тек жанымда!
Жоқ, көкте емес көктемім,
Гүлде де емес нұр төккен,
Менің аям — періштем,
Қайда болсаң — сен көктем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Белиндаға өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Белиндаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Белиндаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Белиндаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері