Тектіні көріп тебінген – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тектіні көріп тебінген» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 743
Тектіні көріп тебінген,
делебем қанша қозғанмен,
жаралды дейтін темірден,
жүйке де бүгін тозды әбден!
Шағылды тауым,
шаршап құр,
шалдығып шалғай жолда мен,
Ару да құштым аңсап бір,
амалым қанша —
болмады ем...
Арғымақ-ойым ұшты алға,
бауыры бірде жазылып.
Озам ба деген тұстарда,
алдап бір соқты аз үміт.
Тұрмады баста назды ұғып,
тұрлаусыз бағы аз күндер,—
азғырмас жерде — азғырып,
жазғырмас жерде жазғырды ел.
Шабдарға шабан қамшы ұрып,
малшынып терге терлігім,
кешегі күшік қарсы үріп,
жаншыла бердім мен бүгін!
Жанымды жайлап бір секем,
жапыра бәрін ормай тіл,
Өлең де бүгін кіл шетен,
өмірі ұзақ болмай тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тектіні көріп тебінген өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Тектіні көріп тебінген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тектіні көріп тебінген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тектіні көріп тебінген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері