Аяулы құлсарым – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Аяулы құлсарым» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.01.2016
  • 0
  • 0
  • 3804
Качалка тынбайды, жырлайды сазыңды,
Ұлдарың өр тұлға, қыздарың наз үнді.
Құлсары – кең кеуде мұнайшы қаласы,
Есімің тарихқа, тарихқа жазылды.
Арманым, аңсарым -
Аяулы Құлсарым.
Жұлдыздай самсаған,
Самсаған нұр шамың.
Ақ бұлттар жайлайды мұнара төбесін,
Жүректің жаңбырын – ән-жырын төгесің.
Достықтың отауы - «қара алтын» Отаны,
Сұлудай күн сайын құлпырып келесің...
Байырғы Кең Жылой, бүгінгі Теңізім,
Еліме қан берер тамырым ең ұзын.
Көремін өзіңнен бабамның арманын,
Сұңқардың тұғырын, тұлпардың мен ізін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері