Алтын қазық жұлдызым

Бұл бетте «Алтын қазық жұлдызым» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1401
(Зейнолла Серікқалиұлына)

Қасиеттің жаққан сансыз шырағын,
Кеудең сенің күмбірлеген жыр ағын.
Жараланса ақын жаным, жан аға,
Ішем сенен сұлулықтың бұлағын.
Көк аспаным нұр төккендей арайлы,
Бойымнан мұң, әлі кетіп тарайды.
Қанаттанам-қуат бітіп бойыма,
Құшақтардай көгімдегі күн-айды.
Тағы іздеуге өлең-жырдың шың-құзын,
Аттанамын белді буып ақтаңда.
Қуанумен, алтын қазық жұлдызым,
Бағыт сілтер сендей ағам болғанға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын қазық жұлдызым өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Алтын қазық жұлдызым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын қазық жұлдызым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын қазық жұлдызым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері