Мінез – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мінез» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1737
Сендім бе екен біреуге – сенем мықтап,
Ердім бе екен біреуге – ерем мықтап.
Әсте, екі сөйлеуім мүмкін емес,
Сенімімді селт етпей өлем құптап.
Кетістім бе біреумен – оралмаймын,
Қаңтардағы бұрқасын борандаймын.
Бірде жайсаң, сылыңғыр бірде лайсаң,
Әрі-сәрі бұлыңғыр бола алмаймын.
Ұнаттым ба біреуді – қатты ұнатам,
Шат бұлағын көңілдің шапқылатам.
Ақ жарылып алдында атқан таңдай,
Күміс күйді кеудемнен атқылатам.
* * *
Белдік керек адамға,
Белдік керек,
Белді бекем буатын теңдік керек.
Егер, белдік болмаса, нетер едік?
Былқ-сылқ етіп, болбырап кетер едік.
Кеңдік керек заманға,
Кеңдік керек,
Батыл басып жүретін теңдік керек.
Егер, кеңдік болмаса, нетер едік?
Көсіле алмай, құрысып өтер едік.
Елдік керек әманда,
Елдік керек,
Ел менен ел жарасар теңдік керек.
Егер, елдік болмаса, нетер едік?
Қырқ пышақ боп қырқысып өтер едік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінез өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мінез өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінез өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінез өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері