Адам анотомиясы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Адам анотомиясы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2317
Бұл адамның денесі жақсылықтан жаралған,
Бәйшешектей бұралып, көкте күннен нәр алған.
Былайынша құрамы ет пен сүйек демесең,
Болатың да түк емес, беріктігін теңесең.
Бас тұрғанда кеудеде ақыл-ойдың иесі,
Бір қалыпта дамиды барлық істің жүйесі.
Бұл адамның көздері – жарқыраған шырағы,
Барлық жақсы-жаманды көріп-біліп тұрады.
Бірін-бірі хайуан ұғынысса үнімен,
Бірін-бірі адамзат түсініскен тілімен.
Берекені жасаса қуатты екі қолымен,
Басқан екі аяқпен әділеттік жолымен.
Бұлқынған от жүрекпен жер жиһанды шарлайды,
Барлық жанға жарылып, ақ ниетін арнайды.
Байқап бақсаң, адамның осы анатомиясы –
Балқып тұрған тек қана жақсылықтың ұясы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам анотомиясы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Адам анотомиясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам анотомиясы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам анотомиясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері