Домбыра – Тұманбай Молдағалиев

Бұл бетте «Домбыра» атты Тұманбай Молдағалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Домбыра ғана біліпті,
Қазақтың барлық қайғысын.
Кімің бар одан сүйікті –
Шаппай бер оның бәйгісін.

Қайтпаған шерін батырдың,
Домбыра ғана қайтарды.
Айтпаған жырын ақынның,
Домбыра ғана айта алды.

Атадан қалған сол мұра,
Ұрпаққа бізді жалғай ма?
Әркімнің жаны домбыра,
Тек тарта білер қол қайда?!


Пікірлер (1)

Кеңесхан Ғапбас

Осы өлеңге мен ән шығардым. "Әні бар" деп жазылса артық болмас еді.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері