Тең келмейтін нар, атан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тең келмейтін нар, атан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1829
Тең келмейтін нар, атан
Қысымына күшінің,
Жігіттердің жаратам
Мәрмәрдай нық мүсінін.
Жарау аттай жұтынып,
Тартылуы ішінің –
Азаматтың күтініп,
Арттыруы пішімін.
Коспақтанып келуі
Қақпақ жаурын тұсының –
Сыртқа айқын тебуі
Сұлу сымбат түсінің.
Құрметпенен қабыл ал
Кісілігін кісінің.
Еңбегімен танылар
Нәтижесі ісінің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тең келмейтін нар, атан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тең келмейтін нар, атан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тең келмейтін нар, атан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тең келмейтін нар, атан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері