Бақытты бола алмаспын қарызға алып
- 0
- 0
Бақытты бола алмаспын қарызға алып,
(Бала едім, келе жатқан қауыз жарып)
«Кем болар не жазығым бар еді» деп,
Жылағам жұлдыздарға арызданып.
Бұл бетте «Алғыс айту күні» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бақытты бола алмаспын қарызға алып,
(Бала едім, келе жатқан қауыз жарып)
«Кем болар не жазығым бар еді» деп,
Жылағам жұлдыздарға арызданып.
Кімге айтамын, сырымды кімге сенем,
Көңілім ай, үміттен күл көсеген.
Басымды ұрып сол жанның аяғына –
Құлайын ба, күйімді білмесе, мен?
Дауыл сезген бауырынан қыранның,
Көбелектей «балапан қыз» болды ұмыт.
Елегізген әуеніне бір әннің,
Қабағына қоңыр таудың қонды бұлт.
Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы,
Сезім толқып ішіме кеп тұнады.
Көздерімді көзіңе қаратқызбай,
Ыстық жалын сен жақтан бетке ұрады.
Қиялымнан тартқандай көкпар ағын,
Ақтарамын, таулардың көк парағын.
Сағымданған дарияның құшағына,
Шомылғым кеп, үздігіп көп қарадым.
Туған үйім, аңсап келдім тұрағым,
Жетпей жүрсе, шалғай жақтан бір әнім.
Орыныңды әрең тауып, жер болған,
Жұртыңда мен отыра қап, жыладым...
Жанасыл
Қысқа барма?
Жанасыл
Қысқарақ барма