Өлең, жыр, ақындар

Көрмеген тыным алып бір

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 724
Көрмеген тыным алып бір,
Жүрсе де шаршап-шалдығып,
Жоғыңды сенің жаһаннан
Іздеумен тапқан бар қылып.
Бойында барын ақ сүтпен
Сіңірген саған нәр қылып.
Анаңмен хабарластың ба,
Жүрсің бе, әлде зар қылып.
Күндізді тұрған жарық қып,
Күннің бір болар арқасы.
Өзеннің суы ортайса
Биіктей түсер жартасы.
Арналы өзен бір күндер,
Сортаң бір шөлге айналар.
Қуатым деген баласын,
Сағынар ана қайдалап...
Уһ-һ-һ!
Мұңлы екен жырдың жалғасы,
Мұңлы екен жырдың жалғасы,
Өзгеше мүлдем айта алман,
Өзгенің сөзін қайталап...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Інжуіме

  • 0
  • 0

Атам қайда дейсің сен
Інжу асыл лағылым.
Мен отырмын мүдіріп,
Тауым тасқа шағылып.

Толық

Өң мен түс

  • 0
  • 0

Биікте тұрмын таң алды,
Тыныштық, ұйқы тоналды,
Құзырына бағын, әмірдің
Тыныштық сенің неңді алды,

Толық

Өмір жыры

  • 0
  • 0

Үміттерге сыйладың арай төккен жаңа таң.
Жапыраққа шаттанып, қол соғуға – алақан.
Сағынысқан ғашықтар жолыққандай қайтадан
Бұтақтарға иілгіш құшақ бердің айқара...

Толық

Қарап көріңіз