Сенген ағам – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сенген ағам» атты Абдрахман Асылбек жазған бауыр туралы өлең берілген.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1235
Ағама сеніп жүрдім,
Айтқанына көніп жүрдім.
Өзі дайындаған ұзақ таңға
Ұсынған құжаттарға
Қолыңды қоя сал дейді, –
Қоя саламын.
Мөріңді жоя сал дейді, –
Жоя саламын.
Сөйтіп жүріп Құдайдың атқанын,
Қақпанның мықтап қапқанын
Бір-ақ білдім:
Аңқаулығым сор болып,
Алмаған ақша үшін қол қойып,
Сот алдында жылап тұрдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері