Той - думанмен өсесің – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Той - думанмен өсесің» атты Бақыткерей Ысқақ жазған мерекеге арналған өлең берілген.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2286
Той - думанмен өсесің,
Сөз қуалап бөсесің.
Ішпес жерде ішесің,
Кірмес жерге енесің..
Бәріне де көнесің,
Лаулап жанып, сөнесің.
Аттыға да ересің,
Жаяуға да сенесің.
Орман, тауды кезесің,
Шалшық суды сүзесің.
Қолыңа ұстап қарайсың
Үйдің асыл кесесін!
Жомарттығың қолынды,
Байлап отыр бүгінде.
Жақсылығың, Балаңа
Оралады түбінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері