Адамдықтан аттап қайтейін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Адамдықтан аттап қайтейін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2075
Біреулерді мақтап қайтейін:
Тасынып кетер,
Басынып кетер.
Біреулерді даттап қайтейін:
Дауласып кетер,
Жауласып кетер.
Біреулерге кек сақтап қайтейін:
Сақтанып кетер,
Саптанып кетер.
Адамдықтан аттап қайтейін:
Ұғысып кетер,
Туысып кетер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері