Өлең, жыр, ақындар

Мүмкін өзім...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 596
Жәудіресем, жәудіреген шығармын,
Қайғы оранып қамыққан сәтте,
Қара орманым өртеніп, тарыққан сәтте,
Жалғызсырап жабығып,
Жесір, тұл қалған сәтте.
Мөлтілдесем, мөлтілдеген шығармын,
Сезім-мұң құрсап ықтырған сәтте,
Тіршілік нәрін бойыма сіңіре алмай,
жас болып лықсып,
Жанарда шық тұнған сәтте.
Жау тілесем, жау тілеген шығармын
Сырымды ақтара алмай,
Ап-ащы зарға тұншыққан сәтте,
Өзгенің бәрін жарылқап,
шуағын менен аяған
Күн шыққан сәтте.
Төгіле жаздап, төгіле алмай
Мөлтілдеген шығармын,
Жетім көңіл шарасыз,
...Жәудіреген шығармын.
Айқасып, арынымды басуға
Мүмкін өзім...
Жау тілеген шығармын...
Өтті бәрі, кетті бәрі...
Көлеңке түгіл, ізі жоқ,
Ызғары түгіл, сызы жоқ,
Ширамасыма қоймады,
Ащылау өмір тұзы көп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әсерлер әсер ете алмай

  • 0
  • 0

Әсерлер әсер ете алмай,
Сүлесоқ жүрмін, сүлесоқ,
Жазғырғың келсе, өзің біл,
Жазықты десең, дүре соқ!

Толық

Тәтті қыз

  • 0
  • 0

Тәп-тәтті тілі былдырлап,
Балбұлақ күліп, сыңғырлап,
Шапқылап дала кезеді
Бір сәби өсіп келеді,

Толық

Ақтүтек боран...

  • 0
  • 0

Ақ түтек боран, амалың қалмай,
күйемен күресудесің,
Ақ әлем арман, әлеміш жалған –
итжығыс халде күй кешіп,

Толық

Қарап көріңіз