Өлең, жыр, ақындар

Оян, жүрек!

Төсекке таңылуда..
Оян,жүрек дес берме жаңылуға!
Айналып кеткенінше жаның уға
Ей,менің қызыл ала қан жүрегім,
Болмайды жүректерге жағынуға.

Жар алдында..
Жүрегім менен бұрын жаралдың ба?
Қан болып сол кеудемнен таралдың да
Менің мәңгі мойнымда ей,дүрсілім
Сенің таза болуың ар алдында.

Сүрінгенмен..
Қорғаймын бастап сені бүгіннен мен
Жүгіңменен жүрекке жүгінгенмен
Пайдасыз кіршең тартқан жүрегіңнің,
Садақа кет,садақа бүлінгеннен!

Жаманға енеді екен..
Ата кегің ашу ма немене екен.
Әйтеуір діңі қалың емен екен
Қазақ атам ашу-дұшпан деген екен
Қалайша тым дөп басып теңеді екен!

Қатырады..
Таласқа түскен кезде батыр ары
Уын бал қып өзіңе татырады
Жаманға әуес елді белшесінен,
Батыстан келген былық батырады.

Құны қалмай..
Адамнан да сені тым ұғынардай
Қалтафонға құдай-ау құнығардай
Жақыныңдай боп кеткен бұл нәрсеге,
Тәуелдісің әкеңнің құны бардай..

Ақын алып..
Мұндай да жүзің сарық,атың арық
Жастарға атам жүрді қатты налып
Кей жастар лас жолменен тез келетін,
Жүрсе болды атақтың атын алып..

Күлесіңдер..
От боп жанып қайта өшкен күл есімдер,
Адалдықтың өмірмен күресін бер.
Өзі өшсе де аты өшпес абыройдың,
Е,құдайым қазаққа үлесін бер.

Аман бас та..
Қаламым шерткенімен алаң баста.
Саған басқа бақ бітер,маған басқа
Сөз тиегін ағыттым мен де осылай,
"Мені" бар заманы бір замандасқа.

Қазақстан!
Көктем,жаз,күзің мейлі қаза-қыстан
Дәл осы жәй мысалың маза қысқан.
Сенің өшіп кетуге құқың да жоқ,
Батырлардың қасында ажал құшқан.



Пікірлер (3)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Толғанай

Барлығы дофаминнің әсерінен ғой))

Есенали Аруна

Мұқағали Мақатаиевтің отан туралы өлеңі керек еді

Пікір қалдырыңыз

Өз өзіңмен сырласу..

  • 0
  • 1

Жас көңілің ұялшақтау жасық тым..
Сен сонда да бір қадамға асықтың
Сен туралы мың ойлансам жазықтым,
Білемісің бір-ақ өлең жазыппын..

Толық

Түн неге?

  • 0
  • 0

Түн неге?
Тым қолайлы ойлануға?.
Күндізгіні құмар-ау ойға алуға,
Түн неге?

Толық

Ұстазым

  • 0
  • 2

Біз кешпеген өмірдің ақ қарасын
Жалықпай соны үйретіп ақтарасың
Біз түгіл бүкіл әлем бас иеді
Ешбірі өзіңдей жан таппағасын.

Толық

Қарап көріңіз