Шағын баллада

Бұл бетте «Шағын баллада» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 539
Есiме алсам сыздар жүрек жарасы!
Ауылға да қашық емес арасы
сонадайда жапа-жалғыз, көнелеу
жататұғын жас баланың моласы.
Қайырылатын – оны көрсең – мұратың.
майырылатын – оны көрсең қуатың.
Сонадайдан сол бiр жалғыз моланың
құлақшасы селтиiп тек тұратын.
Сезiнбейтiн келер күндi, iлкiнi,
не боп кеткен кей адамның құлқыны.
Таптап өттi тракторист Жарықбай
бульдозермен сол моланы бiр күнi.
От боп шарпып тидiдағы жел бетке
жат құбылыс пайда болды жер, көкте...
Таптап өттi таркторист Жарықбай
бульдозермен сол моланы ермекке!
Таптап өттi...
атама оны, атама!
таптап өттi...
таптап өттi... о, тоба!
Таптап өттi жас баланың моласын!
Батты тiрлiк, бар табиғат қапаға!
Бақытсыздық, баянсыздық қол берiп,
Жарықбайға қонды содан сор келiп, –
Соңына оның көрiнбестен бiр бала
қалмастан бiр жүретұғын болды ерiп.
Көрiнбейдi –
сұмдық ендi мұнысы!
Естiледi –
дем алған тек тынысы.
Көрiнбейдi, естiледi тек қана
топ-топ басқан аяғының дыбысы.
Ал Жарықбай уыстап өз шашынан
дiр-дiр етiп үрейленiп шошынар.
Қалмайтұғын болып алды сол бала
көрiнбестен қапталдасып қасынан.
Жарықбайдың тұла бойы шымырлап
құласа егер басын ұстап сығымдап –
топ-топ басып көрiнбейтiн сол бала
жылап тұрар жанына кеп шырылдап!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шағын баллада өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шағын баллада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шағын баллада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шағын баллада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері