Опыну – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Опыну» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 764
Өз тiлiн,
Өз дiнiн бiлмейтiн
Бiреулер –
Аспаннан түскендей! –
Шалқалап жүр.
Әйелдерiм –
Албастының шапанындай! –
Ала қапшықты
Арқалап жүр.
Намысым –
Еден жуатын шүберектей! –
Босағада қалып
Тапталып жатыр.
Өзге елдер
Улы қоқысын –
Менiң жерiмдi
Шылапшындай көрiп
Ақтарып жатыр.
Мен қазiр
Мәңгiге сөнбейтiн
Өрт жұтып отырмын.
Мен қазiр
Емге көнбейтiн
Дерт жұтып отырмын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері