Бейбіт құсы – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Бейбіт құсы» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Қарлығаштай қиял-арман,
Көкжиектен – қиялардан,
Бейбіт құсым самғай ұшшы,
Балапандай ұялардан.

Қайырмасы:
Жер үстінде шашу шашқан,
Шапағатым – Бейбітшілік!
Бұл өмірде мәңгі бақи,
Махаббатым – Бейбітшілік!

2. Балауса пәк бала атымен,
Мейірім тұнған ана атымен,
Бейбіт күнім биік самға,
Көгершіндер қанатымен.

Қайырмасы.

3. Көкке қанат қақты құсым,
Арман болып ақты құсым,
Бұзбай мәңгі самғай берші,
Сәбилердің тәтті түсін.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері