Өлең, жыр, ақындар

Өмірімнің уәдесі

  • 19.04.2015
  • 1
  • 0
  • 16211
Оллаһи! Ант етемін алла атымен,
Орыс тілін білемін һәм хатымен,
История, география пәнді білмей,
Оллаһи, тірі болып жүрмеспін мен.
Келгенше осыларды отыз жасқа,
Іншалла бәрін түгел ұғам басқа.
Отыз жасқа келгенше ұға алмасам,
Жер жұтсын, мәз болмаймын ішер асқа.
Сенемін еңбек қылсам, бақыт жақын,
Келер жаз атақты алам деген «ақын».
Жүректің қазынасы тазартылса,
Пайдасын көрер әлі-ақ ертең халқым.
Тұрмыстың оғы шыбындай,
Тезінен туар көңілімде ай.
Бір мағнауи күш түртіп,
Баққа ұмтылып тұр маңдай.
Үміттің көзі жарқырап,
Бұлағы ағар сарқырап.
Бұл бәйгеде Махмұттың
Азбаны келер арқырап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айтыс

  • 1
  • 1

Сен кімсің семіз, толық тән жағынан?
Өгіздей бар шығарсың әл жағынан.
Көрінген көрнегіңнен, жүрісіңнен,
Топастығың білінген әр жағынан.

Толық

Гүләйім

  • 1
  • 0

Қай қыз бар бұл қазақта теңге жеткен,
Бәрі де жылай-жылай кемге кеткен.
Бар еді Жарқын атты бір бай кісі
Мырзеке деген атқа қолы жеткен.

Толық

Дін

  • 2
  • 11

Дін деген — өтірікке нану деген,
Көңілге өнбес қиял алу деген.
Қиямет күн ғарасат майданына
Өлген адам тіріліп бару деген.

Толық

Басқа да жазбалар