Әмірханы Алаштың – Назерке Әліқұл

Бұл бетте «Әмірханы Алаштың» атты Назерке Әліқұл жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Еске алып, асау толқын дарынды,
Сөз бастадым салмақты да сарынды.
,,Айта түс" деп қолдай кетті Сыр мен Құм,
Бəлкім, олар, ақын ұлын сағынды.

Бір бойына жиған түрлі өнерін,
Тұмар еттім, құдіретті өлеңін.
Əмірхандай ақын ағам дəл бүгін,
Арқау болған сəби жырға сен едің.

Болмысың бар жүк болар бір дастанға,
Жырыңменен жалын бердің жастарға.
,,Құл боп кеттім мен өлеңге" дей жүріп,
Кете бардың ,,Сегізінші аспанға".

Көк бөрі едің азулы, айға ұмтылған.
Қырандайын қанаты ерте қырқылған,
Əдебиеттей кең көгінен қазақтың,
Ағып өттің Жұлдыз болып жыр тұнған.

Тылсым сырды ұқтырғандай ғазалың,
Ақтарғанда жырларыңның ғажабын.
Қырық беске қадам басқан шағыңда,
Аза тартып қала берді қазағың.

Дегеніне көне бермес ырқының,
Өзің едің, өр ұланы ұлтының.
Сынай жүріп, өзің де сан сыналдың,
Тамырынан тағылым алып Түркінің.

Жырлаушы еді көк шалғынды даласын,
Дала енді, аңсап жатыр баласын.
Өз өлкеңнің ғана емес, Əз аға,
Əмірханы Алаштың боп қаласың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әмірханы Алаштың өлеңінің авторы кім?

Назерке Әліқұл — осы өлеңнің авторы.

Әмірханы Алаштың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әмірханы Алаштың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Назерке Әліқұл өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әмірханы Алаштың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар