Көрмеймін

Бұл бетте «Көрмеймін» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 4
  • 31806
- Көрмеймін! - дейсің,
Көрмесең, мейлің, көрмегін!
Көретін көктен тәңірім емес сен менің.
Көрмедің,
мейлің,
көңлінді маған бөлмегін,
Мен-дағы қарап өлмедім,
Түсіңнен, бәлем, шошытар,
Мендегі леп, мендегі үн.
Сезіне тұра,келмейді-ау, сірә, білмегің...
Білмегін, мейлің, білмегін!
Сезеді мені сенсіз де,
мазасыз өткен күндерім,
ұйқысыз өткен түндерім.
Уақыттармен біргемін.
Көрмесең, көрме,
Білмесең білме,
Шырағым менің сөнбейді,
Шыдамын таусып сендейдің,
Мазасыз жаным,маған бір тыным бермейді,
Дариға-жүрек жоқ нәрселерге шөлдейді.
Көрмесең мейлің,көзіңе сенің ұрынбан.
Ұрынбан, бірақ бұғынбан!
Есіңде болсын!
Құлагері де Серінің
Сөреге жетпей жығылған...


Пікірлер (4)

Aizhan Abosbekova

Тамаша олең
Жүректі езіп жіберген
Ұнады бірден
Мағанда озге адамға

Амина

Мұқағали МақатаевтыңКөрмеймін... өлеңі ұнады

Шіркін Мұқағали,не деген дарын,әр сөзі жаухар

Шіркін Мұқағали,не деген дарын,әр сөзі жаухар

Исламбек

Мұқағалидың «Көрмеймін...» өлеңі – жүректің тереңінен шыққан, қазақ поэзиясының інжу-маржандарының бірі! Bilim-all.kz сайтындағы бұл бет өлең мәтінін толық, әдемі әрі қатесіз орналастырыпты. Мұқағали ағамыздың лирикасы әрқашан жүрекке жетеді, ал бұл өлең – махаббаттың ауыртпалығын, мақтанышты, ішкі күресті соншалық шынайы жеткізген шығарма.

«Көрмеймін! – дейсің, Көрмесең, мейлің, көрмегін!» деп басталатын жолдардан-ақ сезіледі ғой – махаббаттағы реніш, өкініш, бірақ сонымен қатар өз-өзіне сенім, шыдамдылық. «Мен-дағы қарап өлмедім», «Шырағым менің сөнбейді», «Құлагері де Серінің Сөреге жетпей жығылған...» – осы жолдардың әрқайсысы жүректі қысып, ой салдырады. Мұқағалидың сөзі қанша қарапайым болса да, соншалық терең, әр оқыған сайын жаңа мағына ашады. ❤️

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрмеймін өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Көрмеймін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрмеймін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрмеймін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері