Өлең, жыр, ақындар

Арайлап күнім, таң атты

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 2275
Арайлап күнім, таң атты,
Аштым бір тағы парақты.
Жырымды менің тыңдады,
Көзі бар досым қарақты.
Арайлап тағы атты күн,
Шырағын атты жақты күн.
Тумайды екен өмірде,
Күннен асып бақ бұрын.
Туады бақыт күнменен,
Шомылып шалқып нұрға енем.
Бұдан да артық бақ бар ма,
Жайылып жатқан гүлді әлем.
Далам да батқан шуаққа,
Тауым да мінген қуатқа.
Жайнаған нұрмен жылқышы
Атын байлап суатқа.
Көкорай шалғын гүл шықты
Таңғы әсем нұр шықты.
Осылай тағы өмірде,
Таңым атып, күн шықты.
Таңның өлең – дастаны
Шуақ төгіп шашқаны.
Таңғы шыққа бет жуып,
Күнім жұмыс бастады.
Қысқарар бойы түскі шақ
Көлеңке баурын ішке сап,
Қайырлы таң, ақ таңым
Алтын күнім, іске сәт!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үш тармақ

  • 0
  • 0

Жайымды бірі білмей, бірі біліп.
Қуанып дұшпанымның, бірі күліп,
Бір досымнан айрылдым – тірі жүріп.
Өзекті жанға бір өлім, қаза бар-ды,

Толық

Арал теңізінің хаты

  • 0
  • 0

Уа, Ильич, қанық ең сырыма сен,
Тұңғиық теңіз едім тұнық әсем.
Баяғы өзің көрген Аралыңмын,
Хат жазды деп қуанған ұлы Көсем!

Толық

Наурыз

  • 0
  • 0

Аққулы аспан көктерден,
Құстар ұшып жеткеннен.
Келдің тағы, Наурызым,
Туған елге көктеммен.

Толық

Қарап көріңіз