Өлең, жыр, ақындар

Аруақтарды ұмытпай

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 672
Қара тоқты түсімде босағамнан маңырап,
Күбірлеймін ішімнен, көкірегім қаңырап.
Керегенің көзінен қол созады дәметіп,
Көмусіз де кебінсіз қалың аруақ жамырап.
Өлген жандар жылайды жанарынан жас төгіп,
Жіберсем деп ойлаймын байғұстарға ас беріп.
Ақсақалдың бірінен бата сұрап көріп ем,
Қара тоқтым кенеттен қатып қалды тас болып.
Тілегімді шалғанын ұға алмадым не қырсық,
Қанның иісі келеді әлдеқайдан қоңырсып.
Жеті басты жалмауыз жерден басын көтеріп,
Көктен тажал төнеді – тас бұршақтай оқ ыршып...
Зіл­заладан шошимын құлағымды тұндырған,
Құлын даусы шығады тұңғиықтан шыңғырған.
Боз даланы күңірентіп боздақтарды жоқтаумен,
Қаралы көш барады малын айдап мыңғырған.
Қаралы көш дегенім – аттан түспес қазағым,
Қара тоқты дегенім – оттан түспес қазаным.
Құлын даусы дегенім – қыршын кеткен боздағым,
Зіркілдеген зіл­зала – көрген азап­тозағым!
Анда­санда өткендер кірмесе егер түсіме,
Жұмыртқалап кетпей ме жылан кіріп ішіме?!
Қызыр қонып басына, нұры жаусын Алланың,
Аруақтардың рухын ардақтаған кісіге!
Қара тоқты түсімде босағамнан маңырап,
Телміреді аруақтар жан­жағымнан жамырап.
Шаңырақтан тік ұшқан түтінімді көрді де,
Бір бұлт келіп төбеме тоқтай қалды дамыл ап.
Атпаса деп тілеймін сол қара бұлт тас бұршақ,
Сіңіріме сүйеніп, жүргенімде аш құрсақ.
Итті мініп сапарға, есекті алып қосарға,
Не болғаны етекті албастыға бастырсақ?!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тастаймын алыстарға көз қиығын

  • 0
  • 0

Тастаймын алыстарға көз қиығын,
Менің де қол жетпестей өз биігім.
Көңілдің ақ көбік қып көк дөненін,
Үміттің келем қуып жезкиігін.

Толық

Әуенмен жаным достаспай

  • 0
  • 0

Әуенмен жаным достаспай,
Әнімді менің тыңдар кім?..
Алмасым тұрса тот баспай,
Алмасын жырдың турармын.

Толық

Түнгі тыныштық

  • 0
  • 0

Қап-қара қою түн еді,
Абалап төбет үреді.
Ауылдың маңын торыған
Ит-құстың барын біледі,

Толық

Қарап көріңіз