Саратовтағы оба – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Саратовтағы оба» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1329
(аударма)

I
Оба жайлап торықты елім,
жүректі үрей, мұң қаптаған.
Ішінде сан өліктердің
біреуі тым қымбат маған.
Жер алғанмен оның демін,
жасыра алмас сыз жатағы;
оны өртеген жалын менің
жүрегімді мұздатады.

II
Бөліспейді бір жан барып
азапты әсем кескіндегі;
жанары оның нұрдан жарық
сиқырламас ешкімді енді.
Иіскеп сүю - көңілімде,
сезім ғой бұл жат ұқпаған...
Құшсам оның өлігін де,
соның өзі-ақ - бақыт маған.

МИХАИЛ ЛЕРМОНТОВ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері