Өлең, жыр, ақындар

Алтын балық

  • admin
  • 07.09.2024
  • 0
  • 0
  • 448
Алтын балық
Ауға түсті ажалы алқымға алып.
Торда тулап жатты да, тілге келді:
«Үш тілек айт.
Шартыңды ал, тыңдалық!».
Жай жымидым, кемпірше кесірленбей,
Оқыстан не айтушы ем көсілгендей?!
Зәулім үй, асқан байлық сұрамадым,
Демедім атақ-тақты өсір демде, ей!
Десек те жақсы-жаман сыңар еткен,
Қылығым жоқ өзгеге қылар өктем.
Атақ, байлық – бәрінен бұрын әсте
Тәубемді тал бойыма тұмар еткем.
Сұрасам, тек Алладан сұрағаным,
Жолымда ынсап – серік,
шырақ – арым.
Арасы адалдық пен адасудың
Білемін, болатынын бір-ақ адым.
Теңізге кетті балық, алаңсыз ой,
Демедім ешкімге де «Саям Сіз ғой».
...Сұрап алған достықта қадір бар ма,
Сұрап алған бақыт та баянсыз ғой.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір аунап түсті Күн тағы

  • 0
  • 0

Бір аунап түсті Күн тағы,
Тыраулап кетті түндерім.
Қылаулап қардың ұнтағы
Сағыныш Намазшамова

Толық

Бірге өткізген алты жылым мәрт екен

  • 0
  • 0

Бірге өткізген алты жылым мәрт екен,
Сол жылдардың жанарында жарқ етем.
Сенсіз кешкен қуанышым
Сағыныш Намазшамова

Толық

Көктем боп жырлап өтті ақын

  • 0
  • 0

Көктем боп жырлап өтті ақын
(Әбен Дәуренбековтің рухына)
Күліп жүргенмен, көпке сыр айтпай,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Қарап көріңіз