Айхай, арман, асау едің сен неткен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Айхай, арман, асау едің сен неткен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 767
Айхай, арман, асау едің сен неткен,
Төзімсізді тастап қаштың ту алыс.
Байқамаймын уақытты тез өткен,
Алмасумен үміт, қайғы, қуаныш.
Айхай арман, асау болдың сен неден,
Өмірімнің кетті өзіңде тынышы.
Жанарың ба, ауыл оты сөнбеген,
Жауабың ба, тіршіліктің тынысы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері