Ізіміз қалған іңірде, өшірме дедім – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Ізіміз қалған іңірде, өшірме дедім» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ізіміз қалған іңірде, өшірме дедім,
Өртенген кезім – дерт емген есімде менің.
Көрместей болып көңілім қалғаныменен,
кешірген едім.
Талпынып тұрса дәл мендей, түсінер едім,
Жиі ене береді несіне түсіме менің?!
Тәкаппарлықтың бойымда тамтығы қалмай,
кішірейемін.
Шиыр да шиыр шаршаттым шақырымдарды,
(Ақымақ күйге түстім-ау, ақылым бар-ды).
Міз бақпай бүгін жатқан жол,
жадырап мені
Шақырыңдаршы.
Енді ашпас маған, не етермін,
есігін қайтып,
Уақыт тұрды өзінің кесімін айтып.
Кететін болсам,
жар салып жаһанға мынау
кетермін есіміңді айтып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері