Ауылдан шыққан күні Көлбай қондым
- 0
- 0
Ауылдан шыққан күні Көлбай қондым,
Қондырмаймын десе де болмай қондым.
Ат жемін қонақ ед деп бермеген соң,
Тақыр жерге иірген қойдай болдым.
Бұл бетте «Әңгімесін естісең» атты Құлыншақ Кемелұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ауылдан шыққан күні Көлбай қондым,
Қондырмаймын десе де болмай қондым.
Ат жемін қонақ ед деп бермеген соң,
Тақыр жерге иірген қойдай болдым.
Керілген етек жақсы керме қастан,
Шөп шығар, жаңбыр жауса, қара тастан.
Дәулетке ерге біткен едіреңдеп,
Көзіңе көрінбейді жер мен аспан.
Сен едің Рысқұлбек бұлғақтаған,
Көргенше болдым ғашық шырақтаған.
Құсындай ителгінің теуіп өткен,
Бар екен бір мінезің шұнақтаған.
батырхан нұрай
сіздің өлеңдеріңіз ұнады
Мырзағали Аружан
Мағанда