К-ға – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «К-ға» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.01.2022
  • 0
  • 1
  • 1800
(аударма)

Мен жайлы талай сыбырлар
талықсып саған жеткенде,
өкінсем осы ғұмырға
несіне келдім деп мен де,
қан жұтып жүрген шағымда
ешкімге жылы қарамай,
жүрсе де қаулап жанымда
ешкімді жан деп санамай,
жүргенімді естіп теңселіп
сенерсің сонда бұған шын:
өкінішіңнің семсерін
өзіңе-өзің сұғарсың.
Ол азаптың да зар-мұңын
тартатын мен ғой. Таңданам:
тегінде саған тағдырым
қайғыруды да жазбаған.

МИХАИЛ ЛЕРМОНТОВ


Пікірлер (1)

Инабат

Ваууууу

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері