Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен –
Қасымхан Бегманов
Бұл бетте «Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен,
Елес қуып жер бетiнде жүрдiм мен.
Қайта оралмас он сегiзбен,
алтыным,
Тауға қарап өзiңдi ойлап тұрдым мен.
Уақыт айтар бақытты кiм,
мұңлы кiм,
Күреңбелде сүйiп өстiң қыр гүлiн.
Сенсiз өткен жиырма жылым өтiрiк,
Сенсiз менiң өткен емес бiр күнiм.
Ақша бұлттар iздеп бiрге жыласын,
Мейлi көктен найзағайлар құласын.
Асылым-ау,
қайда барсам алдымда,
Елес боп кеп, күлiмсiреп тұрасың.
Бала бейнең шықпай қойған тегi естен,
Ойлай-ойлай жұлдыздармен теңескем.
Бiр адамға айналдым мен бүгiнде,
Бiрте-бiрте сол аяулы елеспен.
Үзiлерде жанарымда жатар мұң,
Қамығармын,
қайғылы ойға батармын.
Ең соңғы сөз айта алатын хал болса,
Жаным, сенiң есiмiңдi атармын.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі