Фрейдтің құрбысы – Дина Бөкебай

Бұл бетте «Фрейдтің құрбысы» атты Дина Бөкебай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1424
Уақыттың үніне ғашық құлағым,
Сағат тоқтауын тілейді сыңарым.
Түсімдегі кеше көрген қар қызы
Бекторымен қол ұстасып жүр әні.
Не-ге?
?..
Қиял кезу- өміріңді аяу ма?
Құламауға қалам ұшын таянған.
Өзімізді түсімізден таба алсақ
Ең шынайы өнер ғана-оянбау.
Үрейленер түстің келмей өлгісі,
Жүрек жақтан құс ұшады, көнбісім.
Тамырымды жарып шығар аңдаусыз
Тән ішінде тұтқындалған болмысым
Өлең оқыр түнекке...
Әңгіме айтып Фрейдпен әлі ұйқысы келмеген,
Ұлы қонақ жалғыздығым бөлмеде.
Азапты ой кетпей тұрып пышақтап,
Ессіздігімізді құшақтап,
Бейсанамызда жолығайықшы пенделер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фрейдтің құрбысы өлеңінің авторы кім?

Дина Бөкебай — осы өлеңнің авторы.

Фрейдтің құрбысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фрейдтің құрбысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дина Бөкебай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фрейдтің құрбысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері