Сәбитке – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Сәбитке» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 999
«Көркем сөзге қаламы
Көрмеген әсте мұқалып,
Мұны жазған адамы
Кәдімгі Сәбит Мұқанов», —
Дейтұғын, кеудесінен өлең тасқан
Ақын ол, маған таныс бала жастан,
Қаламын — найза, сөзін — етіп бомба
Дауылда жауға қарсы араласқан,
Тонының жортуылда шаңын сілкіп,
Жолдарға кедір-бұдыр қарамастан,
Болғанша қара шашын қырау шалып,
Асылын аймағына аямастан
Шарықтай берді шыңға қанат қаға,
Қияға құлаштаса қаламы асқан!
Секілді Көкшетаудың күміс көлі
Құйылтты сөз мөлдірін мәрмәр шашқан.
Жаны — жаз, жүзі — жарқын, жақсы ағаны
Дер едім — өзі де бір жатқан дастан.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері