Жаз өрмелеп барады тау басына –
Ғафу Қайырбеков
Бұл бетте «Жаз өрмелеп барады тау басына» атты Ғафу Қайырбеков жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жаз өрмелеп барады тау басына,
Таудың жылу тарады жамбасына
Ол бір сұлу аңқыған төсі жұпар
Қояр емес қойнына бармасыңа.
Жүр, кетейік, құрбы жан, жүр кетейік.
Көк өзендей көңілді гүрлетейік.
Жадыратсын жайсаң жер жанымызды
Біз де таудың тас көңілін жібітейік.
Жігіт озып, соңында қыз қалмасын,
Гүл терейік, асқар тау қызғанбасын.
Біз еркелеп жасайық бір тентектік
Шайқар ма екен шатақ шал мұз қар басын.
Қыз дегенің сақтыққа өте бейім,
Қалдырмаңдар, жігіттер, бекер кейін,
Ақ білегің создағы жалғас маған,
Саусағыңның ұшын бер, жетелейін.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі