Күндер өтіп барады – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Күндер өтіп барады» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3913
Күндер өтіп барады,
Күндер өтіп,
Қаптайды қалың ойлар түнделетіп.
Қалдырған ойларыңнан аңғарасың
Жатқанын бұл өмірден кімдер өтіп...
(М. АЙТХОЖИНА. Ақ бесігім. 72-бет)
Жырымның буындары мүлде бекіп,
Жазамын жатар кезде мінбелетіп.
Күн бойы күйкі тірлік қолды байлап,
Қаптайды қалың ойлар түнделетіп.
Бақытқа бірде жетпей, бірде жетіп,
Барады бұл өмірден кімдер өтіп?
Көзіңді жұмған сәтте аңғарасың,
Қаптайды қалың ойлар түнделетіп.
Жазғанмен түнделетіп, күнделетіп,
Еш нәрсе бергенім жоқ іргелі етіп.
Қаптаған қалың ойлар қорнауында
Барады күндер өтіп,
Түндер өтіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері