Бұл бетте «Шешілмеген жұмбақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлең жазу қиындап бара жатыр,
Дала жатыр, жырла деп қала жатыр.
Сезімімнің ішегі шертілмеген,
Сезінгенім түкке аспай қалады ақыр!
(Ж. АМАНОВ. Құрыш қолдар. 41-бет)
Дала жатыр, жырла деп қала жатыр,
Ана жатыр, шырылдап бала жатыр.
Батыр аз да, бұл күнде ақындар көп,
Өлең жазу қиындап бара жатыр.
Қай күніңе жетеді қаламақың? –
Алатының мардымсыз қара бақыр.
Болғанымен ұйқасы,
Шипасы жоқ,
Өлең жазу қиындап бара жатыр.
Сенбейсің бе,
Сын көзбен қара да тұр,
Жазғандарым түкке аспай қалады ақыр.
Шертетінім – сезімсіз сылдыр сөздер,
Өлең шіркін қиындап бара жатыр.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі