Өлең, жыр, ақындар

Кімнен кейін жанбаған көз арайың

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 785
Кімнен кейін жанбаған көз арайың,
Кімнен кейін қалмаған сөз ағайын,
Әр ғасыр сөйлетпей ме Махамбетін,
Әр ғасыр сөйлетпей ме өз Абайын?
Жасыннан жасын түспес жасын ба екен?
Асылдан асыл тумас асыл ма екен?
Өзінің Махамбеті, өз Абайы
Болмаған Ғасырың да ғасыр ма екен?!
Ақын көптік етпейді кең далама,
Бүгін де арт үмітті, сен балаңа!
Көтермес Махамбетін найзадайын,
Абайын Абай демес ел бола ма?!
Күмбірлетер көкірек сарайын да,
Туады жұлдыздарың, жаңа айың да,
Өз ортаңда жүр бүгін Махамбетің,
Өз ортаңда жүр бүгін Абайың да!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шөл даланың – құйын-ай!

  • 0
  • 0

Бір Құдайға сыйынып,
Жер дүниені үйіріп,
Құм аспаннан құйылып,
Борайтан бір жиылып,

Толық

Көсем анасы

  • 0
  • 0

Атқанда —
Сәуір таңы шуақтанып,
Жатқанда —
Жанарлы шақ күй ақтарып,

Толық

Гулиа, келдік біздер Кавказыңа

  • 0
  • 0

Гулиа, келдік біздер Кавказыңа,
Ақ басты ала таулы Абхазыңа,
Мырзалығы ұстаған кезге тап боп,
Табиғат берген екен бақ қазына.

Толық

Қарап көріңіз