Алтай

Бұл бетте «Алтай» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1209
Көрмегелі көп болды-ау ақ қарыңды,
Төбеме төңкеріп ап аспаныңды.
Е, Алтай!
Есім кетіп еңіредім,
Түсімде тас қып құшып тастарыңды.
Кірпігіме қонатын қылау ұшып,
Ақ сүңгі тал кеп тұрған жылағысы.
Толастамай жауатын торғайбас қар,
Тонға оранған апамның шылауышы.
Бәрі,бәрі есіме түсті бүгін ,
Көктен талып жеткенде құстың үні.
Қалш-қалш етіп тұр ме екен тас обалар,
Бетін жұлып алтайдың үскірігі,
«Қарашада қар жауар қатырлаған,
Батыр жігіт Алтайдан ат ұрлаған...».
...Иен қыстау, бөрі үні, әже ертегі,
Найзағай жыр кеудемде шатырлаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтай өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Алтай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері