Қырында киік жайлаған

Бұл бетте «Қырында киік жайлаған» атты Асан қайғы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 1
  • 11
  • 49716
...Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған,
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын,
Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен де елді көшірдің.
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң, тойынды.
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің.
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген
Еділ деген қиянға,
Еңкейіп келдің тар жерге,
Мұнда кеңес қылмадың.
Кеңестің түбі нараду...
Нәлет біздің жүріске!
Еділ менен Жайықтың
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қысқа қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын менен күміске!..


Пікірлер (11)

Айым

керемет

иманалиева Нуризат

Сиздин олендериниз тамаша .арбир жанын журегин жылытады .одендериниз керемет орлей берсин оссе берсин

Мадина

Олендериниз оте керемет.олендериниз орлей берсин!!!

Жанар

Керемет

Жанар

Рахмет қатты ұнады

Айгул

Рахмет маган керек болып ж8р еди

Рамазан Өтебай

Керемет мұны әрбір қазақ жыгыты оку тиыс жанеде соны ұғып алган жөн

Аружан.

сизге коп рахмет.осе бериниз.

Админ

Рахмет бұданда көп өлеңдеріңіз шықса деймін

Есмахан

Көлде жургкн қоңырқаздың толық нусқасы борма

Рауза

Оте кушты жарайсыз????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырында киік жайлаған өлеңінің авторы кім?

Асан қайғы — осы өлеңнің авторы.

Қырында киік жайлаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырында киік жайлаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асан қайғы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырында киік жайлаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері