Терісбұрау

Бұл бетте «Терісбұрау» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Домбыра құлағын бұрап
теріс бұрауға түсірген,
Таңдайдағы әнің де
жүректі шытынатар еді.
Бассыз көмілген бабаның
моласы қобыздай аңырар,
Жасыңды кім сүртер?
Қаптаған қара құрттың жемі.
Қайырылған қайран ел
кермек тамшыңмен толған,
Ұлы Ертіс Мұзды мұхиттың
қас-кірпігісің ағарған...
Тасаттық беріп қарагердің кекілін қиып,
Қанша қария күбірлеп...
Сан ұрпақ жаңарған.
Ешкім де енді ақ иық баптап,
Айыр өркеш түйені
шөгеріп шом жасамайды.
Кәрі жартаста сүзіскен... тарихтың табы –
Ол да бір қайыры жоқ
қатпары қалың қайғы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Терісбұрау өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Терісбұрау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Терісбұрау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Терісбұрау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері