Сабындыкөл

Бұл бетте «Сабындыкөл» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жағаңа кеп сырласам, Сабындыкөл,
бостан жүрек ағытқан сарынды көр!
Барымды көр, айнаңнан жасыра алман,
Арымды көр!

Сабындыкөл, сарғаяр ғұмыр-дастан,
сенім семіп қалған ба тұғырластан?
Көгендеулі күндікке жұмыр бастан
тыным қашқан.

Сабындыкөл, мен бүгін тасымаймын,
көңілде жоқ сендегі жасыл айдын.
Беу Жаратқан, қуатын берші маған
Жасыбайдың?!

Ақ қаптал қып барады бәсеке күн,
сабыр қайда?
Сездіргейсің рас екенің,
Раббым Аллаһ, дарытшы тақуалығын
Мәшекеңнің?!

Қам-қаперсіз құлындай құлдырағам,
жанарымнан жамырап нұр құлаған.
Шақырады үкі елес жел өтінде
бұлдыраған.

Сабындыкөл, сары ала күз де келді,
манагөнек күндерде із көнерді.
Жаралғанмын табуға бұл жалғаннан
іздегенді.

Суық тамшы бұтақтан сүмектейді,
уысында Уақыт түнетпейді.
Атар таңнан дәм еткен Үміт қана
жүдетпейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сабындыкөл өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Сабындыкөл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сабындыкөл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Ахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сабындыкөл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері