Жырақтап сәтке бір ғана

Бұл бетте «Жырақтап сәтке бір ғана» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1385
Жырақтап сәтке бір ғана,
Естімей қалсам үніңді,
Тұнжырап кетем мұңдана,
Жоғалтқан жандай күнімді.
Қараңғы тартып заматта-ақ,
Айналар түнге үміттер
Шымшиды жанды шабақтап,
Қамалап түрлі күдіктер.
Қоярға жанды жай таппай,
Толқын боп жарға соғамын.
Қызғаныш итін айтақтай,
Әркімді оймен қабамын.
Тартылып лезде тынысым,
Тоқтайды барлық жұмысым.
Өртеніп-жанам кім үшін?
Тірлігім бүйткен құрысын!
Түнім де менің түн болмай,
Тақсірет таңым атады.
Оралған жандай дым болмай,
Күлгенің жанға батады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жырақтап сәтке бір ғана өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жырақтап сәтке бір ғана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жырақтап сәтке бір ғана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жырақтап сәтке бір ғана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері