Ызалы адам – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ызалы адам» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 688
Бұлтты түндей боп
Тұнжырайды да отырады.
Қабағын түйiп,
Тiсiн шықырлатып
Қынжылады да отырады.
Ызаның құмы қуырып
Ерiнi! –
Кезерiп кеткен.
Ызаның уы құйылып
Бетi! –
Безерiп кеткен.
Айдалада тұрып
Кiжiнiп тұрады.
Қуаныш көрсе де
Әлем-жәлем боп
Бұзылып тұрады.
Тiсiн басса –
Кеңiрдегiңдi! –
Жiп құрлы көрмей
Қырқып жiберердей.
Тырнағын салса –
Төс етiңдi!
Терiдей айырып
Жыртып жiберердей.
Абайсыз сөйлесең
Сойылы – қақ басыңа! –
Сарт ете түсетiндей.
Жарасына қол тиген –
Ит құсап! –
«Арп» ете түсетiндей.
Осы адамнан қорқам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ызалы адам өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ызалы адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ызалы адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ызалы адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері