Ауыр жолды таңдағам, жеңіл жолда бақыт жоқ – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ауыр жолды таңдағам, жеңіл жолда бақыт жоқ» атты Қасымхан Бегманов жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1140
Ауыр жолды таңдағам, жеңіл жолда бақыт жоқ,
Аламанда алаңсыз керілуге уақыт жоқ.
Жеңіл жолмен жүргенді Жаратқанда кешпейді,
Қараша үйде жаққан от көкіректе өшпейді.
Жеңіл жолдың бойында өсімдіктер өспейді,
Жеңіл жолдың аруы көкейіңді теспейді.
Кейде рас қабат кеп шың - құздары бұралаң,
Тірек таппай таянар жалғыз қалып жылағам.
Қара дауыл соққанда тәлтіректеп сүрінгем,
Қара тасқа қан жұққан табанымнан тілінген.
Кейде маған дес бермес қиындықтар ұнаған,
Тұра алмастай сүрініп құздан ұшып құлағам.
Мұң шақпайтын боп алдым жатсамдағы етпеттеп,
Қасарысып айтпадым жақынға да кеп кет деп.
Мені мәңгі аяулым ар - ожданым күзеткен,
Қара жолдан сұрарсың ары-бері жүз өткен.
...Ауыр жолмен қапталдас жеңіл жолдар жатады,
Сол жолменен кеткен көп, осы маған батады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауыр жолды таңдағам, жеңіл жолда бақыт жоқ өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Ауыр жолды таңдағам, жеңіл жолда бақыт жоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауыр жолды таңдағам, жеңіл жолда бақыт жоқ өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ауыр жолды таңдағам, жеңіл жолда бақыт жоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері