Өмір туралы жыр

Бұл бетте «Өмір туралы жыр» атты Темірхан Медетбек жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 730
Білгенім,
Мына өмірде
Сан рет өлесің,
Сан рет тірілесің.
Өзіңе үңілесің,
Өзгеге үңілесің.
Ақырында —
Бәрін де көре-көре! —
Ғұмыры жуылып-тазармайтын
Одан сен түңілесің!
Бірде қақырап сөгілесің,
Бірде қақ айырылып жыртыласың,
Жаныңды
Тозаққа сап қинайсың.
Бірақ бәрі бір
Оны сен қимайсың.
Түңілсең,
Ол сені қайтадан
Сиқырдай алдайды,
Әзәзілдей арбайды.
Безінсең,
Соңыңнан қалмайды.
Бұл тірліктің
Бір жері ойпаң,
Бір жері қайқаң екен.
Әйтеуір білгенім,
Мынау өмір
Біреуден жүкті болып,
Оны аборт жасатып,
Сонан кейін
Қайтадан қыздай қылымсып
Басқа біреуге тұрмысқа шығатын
Сайқал екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өмір туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері