Өлара шақ

Бұл бетте «Өлара шақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 881
Өлара шақ
Менiмен – әлi де –
Алысамын деп тұр.
Дүние,
Не анда жоқ,
Не мұнда жоқ
Әрi-сәрi боп тұр.
Санам – құрт жалағандай –
Iрiң бүгiн.
Iшiм ит талағандай
Жұлым-жұлым.
Дұрыс дегенiм
Бұрыс болып тұр.
Тыныш дегенiм
Ұрыс болып тұр.
Айнала –
Бұлың-бұлың,
Ырың-жырың.
Аспанға қарап ем,
Аспанның түндiгiнде –
Ай жоқ.
Жiлiгiмдi
Шағып қарап ем,
Жiлiгiмде –
Май жоқ.
Өлара шақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлара шақ өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өлара шақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлара шақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлара шақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері