Құштарлық – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Құштарлық» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 6110
Екі келмес, бір-ақ келер өмір бұл,
Солмасын тек, солмасыншы көңіл-гүл.
Жанарымыз жұмылып бір кеткенше,
Жетелейді арман-сағым көгілдір.
Түссектағы күніне сан «жарысқа»,
Жүреміз біз ойда арманды дара ұстап.
Уысқа кеп түсті-ау деген сәтте ол,
Бір жалт беріп, кете барар алыстап.
Шаршап ұйықтап, оянамыз әлденіп,
Жолға тағы шақырады таң келіп.
Арман, шіркін, кетіп бара жатады,
«Мен мұндалап», әрбір жерден шаң беріп.
Болсын тіпті қаншама ол табанды,
Кезсін, мейлі, қалам менен даламды.
Осы жасқа келгенімше көргем жоқ,
Арманыма жеттім деген адамды.
Тағдырымыз етпесе де іштарлық,
Тірлікте бұл бітпейді екен іс барлық.
Ғұмыр бойы жеткізбейтін себебі,
Арман деген - өмірге осы құштарлық!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құштарлық өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Құштарлық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құштарлық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құштарлық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері