Нан туралы өлең – Кәрім Сауғабаев

Бұл бетте «Нан туралы өлең» атты Кәрім Сауғабаев жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

О, адамдар, айтарым бар,
... Нанды баспаңдар!

Онда қол жетпейтін аспан бар,
Әлі ешкім жазбаған дастан бар.
Өтініп сұраймын,
Ана бол, дана бол, бала бол,
Нанды баспаңдар!

Ол биіктен төгілген
Мөп - мөлдір
Зәмзәм суынан өседі,
Нан – өмір.
Нанға «пірім» деп,
Нанға «жарым» деп,
Табынам.
Даланың арынан,
Даланың таңынан,
Даланың жанынан,
Даланың қанынан
Өседі.

Нанға үлкен жүрекпен
Қараңдар!
Нанды өмір деп санаңдар.
Нан болмаса,
Қызығың, бақытың
Құр әуре, далбаса.
... Нансыз тыныштық та болмайды,
Көкіректі мұң,
Жерді шаң торлайды.
Екі ел бірін - бірі жалмайды.
Елімнің құдіретін асырып тұрған,
Менің де, сенің де, оның да
Мерейін үстем ғып тұрған
Дән емес пе?
Дән – ән емес пе,
Дән – нәр емес пе?
Дән – нәресте,
Дән – тіршілік тоқтамайтын...

О, адамдар!
Тіршілік арнасын сақтаңдар.
Диқанның еңбегін
Тер төгіп ақтаңдар.
Әр дәнді жоғалтпай,
Өмірдей сақтаңдар!

О, адамдар! Кең пейілдер!
Бір дән жолда жатса,
Ұлылықпен еңкейіңдер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нан туралы өлең өлеңінің авторы кім?

Кәрім Сауғабаев — осы өлеңнің авторы.

Нан туралы өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нан туралы өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Нан туралы өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері