Шағын естелік

Бұл бетте «Шағын естелік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 666
Сонау бір жастық жылдары
Ашудың уын,
Ызаның суын ішкенде;
Бір қазақты жұдырығыммен
Қорғаймын деп
Он бес күндік
Түрмеге түскенде –
Сен сонда, Шолпан,
Көйлексіз қалған маған
Көйлек әкеп беріп ең.
Мен сол бір көйлекті
Қозы жауырын
Жебе де сөге алмас
Көбедей көріп ем.
Ұмытып қиынды
Сен әкелген
Сол бір көйлектен
Ойыма – нұр,
Бойыма қуат құйылды.
Тасынып, толғам,
Сол бір көйлектен
Толағайдай болғам.
Әйтеуір, білмеймін,
Өткенді қозғарда
Көбіне кеш қалам...
Мейлі сен түсін,
Мейлі сен түсінбе,
Мен бүгінде
Сол бір түрмені
Сүйіспеншілікпен еске алам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шағын естелік өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шағын естелік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шағын естелік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шағын естелік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері