Шұғылажан – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Шұғылажан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 656
(Қытайдан келген бишi қарындасқа)

Елжiреп ескен желдей Құбыладан
Еркiмнен айырдың-ау, Шұғылажан.
Жел керген желбегейiн желқайықтай
Желпiнiп сала бердi-ау бүгiн ағаң!
Көркiңдi көк тəңiрi мүсiндеген
Көрсем-ау тым болмаса түсiмде мен...
Көзiңнiң, тұнығын-ай, тұнжырын-ай,
Шараптай кеседегi iшiлмеген.
Жастыққа тимей жүрген жар құлағы
Мен едiм алты алаштың арғымағы.
Шынымен арулардың елi екен ғой
Алтайдың бiз көрмеген арғы жағы!
Бiлсем де бұл жүрекке ем жоғына
Кеудемдi ашқым келдi кең жарыла.
Ағаңды ақ тұманда адастырып,
Сен де ұшып кетесiң-ау ел жағыңа.
Ай нұры дiрiлдеген келбетiңде
Аққусыз айналмай ма көл жетiмге.
Хабарын жел ғана айтар қарағым-ай,
Қайтейiн, аман жүршi жер бетiнде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шұғылажан өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Шұғылажан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шұғылажан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шұғылажан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері