Туған жер, туған ауыл – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Туған жер, туған ауыл» атты Алма Түсіпбекова жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 864
Сағынып қалған екем,
Қанатым сағыныштан талған екен.
Туған жер!
Маңдайымнан сүйші менің,
Еркеңді құшағыңа ал да бекем!
Сен барда ауылы алыс күшті алаңның,
Ауылым!
Сенде қанат ұштағанмын.
Өлеңнің өзеніне желкен құрған,
Арманын құш балаңның!
Тағдырым тұншықтырып сыз демімен,
Көктемнен өте шығып, күзге кіргем.
Төсіңнен іздейінші, туған жерім,
Бақытты бала шақтың іздерін мен.
Мендегі мұңнын атын тұсадың да,
Кеудемді толтырдың сен күш-ағынға.
Құдай-ау!
Қайда кеткен кісілігім,
Балаға айналдым мен құшағыңда.
Ауылым, аспаның да бөлек екен,
Таудағы тастарың да бөлек екен.
Туған жер!
Саған деген қарызымды,
Жырыммен төлеп өтем!..
Қиялын құлатпаған күзгі дауыл,
Айналдым ниетіңнен, ізгі бауыр.
... Жыр іздеп өзге жақтан неғып жүргем,
Өлеңнің өзегі екен біздің ауыл!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер, туған ауыл өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Туған жер, туған ауыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер, туған ауыл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер, туған ауыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері